Қолдау

Бізге жазыңыз: support@fylax.kz. 1–2 жұмыс күні ішінде жауап береміз. Хатта телефоныңыздың моделін көрсетіп, не болғанын сипаттап жазыңыз.

Жиі қойылатын сұрақтар

Баланың телефонын қалай қосуға болады?
Fylax Ата-ана қолданбасында: «Менің балаларым» → «+» → баланың аты → «Телефонды қосу». 6 цифрдан тұратын код шығады — оны баланың телефонындағы Fylax Бала қолданбасына енгізіңіз. Код 15 минут жарамды.
Орналасқан жер сирек жаңарады немесе «Телефонмен байланыс жоқ» деп көрсетеді.
Баланың телефонында: Параметрлер → Fylax Бала → Геолокация → «Әрқашан» таңдап, «Дәл геолокацияны» қосыңыз. Қолданбаны жоғары сырғытып жаппаңыз. Интернеттің қосулы екенін және қуат үнемдеу режимі қосылмағанын тексеріңіз.
Телефон орыс тілінде болса: Настройки → Fylax Ребёнок → Геопозиция → «Всегда» және «Точная геопозиция».
Хабарландырулар келмейді.
Ата-ананың телефонында: Параметрлер → Хабарландырулар → Fylax Ата-ана → «Хабарландыруларға рұқсат беру» және «Шұғыл хабарландырулар».
Телефон орыс тілінде болса: Настройки → Уведомления → Fylax Родитель → «Допуск уведомлений» және «Срочные уведомления».
Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?
Кіру экранында «Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» түймесін басыңыз — поштаңызға жаңа құпиясөз орнатуға арналған код келеді.
Деректерді қалай жоюға болады?
Баланы бүкіл тарихымен бірге жою: «Менің балаларым» → атын солға сырғыту → «Жою». Аккаунтты толығымен жою: «Профиль» → «Аккаунтты жою». Баланың телефоны орналасқан жерді жіберуді өзі тоқтатады.